Қызылордада қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

1 114
Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалдауға арналған автобус әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Оқиға 10 наурызда Қызылорда қаласындағы Әйтеке би көшесі бойында болды. Қала ішінде жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық автобус иесі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Салдарынан әйел Қызылорда қалалық ауруханасына жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалуда, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.