Ұйымдастырушылар ақпаратты жоққа шығарды

1 804

Фото: Instagram.com/misskazakhstan_official“Мисс Қазақстан” байқауының ұйымдастырушылары “байқауға трансгендерлер қатыса алады” деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

“Біз әрбір өтінішті қарастырамыз, алайда түпкілікті қатысу туралы шешім елдің үміті мен мәдени кодының талаптарына сай келетін қатаң критерийлер мен ережелерге сәйкес анықталады. Ұлттық сұлулық байқауы – жай ғана шоу емес, ол қазақ халқының нәзіктігі, даналығы мен рухани құндылықтарының айнасы. Ер болып туған, кейін "трансгендер" болған адамдардың әйелдер титулы үшін таласуы – орынсыз", – деп мәлімдеді байқаудың баспасөз қызметі. 

Байқаудың ресми сайтында "Қатысушыларға қойылатын талаптар" деген бөлім бар. Онда көрсетілген негізгі шарт: қатысушының жасы 26-дан аспаған, бойының ұзындығы 168 см-ден жоғары болу керек.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.