eGov Mobile платформасында ерлі-зайыптының нотариаттық келісімін рәсімдеу қызметі пайда болды

2 314

Қазақстанда ерлі-зайыптының нотариаттық келісімін бейнеқоңырау арқылы алуға болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап.


Бүгіннен бастап жаңа қызмет eGov Mobile платформасында қолжетімді. Осының арқасында ерлі-зайыптының нотариаттық келісімін ресімдеу процесі жеңілдей түседі. Бұдан былай нотариусқа жүгінбей-ақ, қажетті келісімді жылдам әрі ыңғайлы түрде ала алады.


"Процесс биометриялық сәйкестендірудің заманауи технологияларын қолдана отырып, деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етеді. Онлайн форматтың артықшылығы – нотариусқа жүгінуге кететін уақыт пен шығынды үнемдеу, сондай-ақ өзіне ыңғайлы мерзімде алу мүмкіншілігі", – дейді мамандар.


Нотариаттық қызметті онлайн форматта алу тәртібі:

  • "eGovMobile" платформасында тіркелу;
  • өтініш нысанын толтыру және биометриялық тексеруден өту;
  • бейнеқоңырау бойынша келісімді ресімдеу;
  • нотариустың қызмет ақысын төлеу.
  • Дайын құжат "Цифрлық құжаттар" сервисінде қолжетімді болады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.