Саябақ салуға бөлінген 148 миллион теңге қолды болған

1 550

Жамбыл облысының Қаратау қаласында құрылысы төрт жыл бұрын басталған саябақтың жұмыстары әлі де аяқталмаған,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жергілікті биліктің айтуынша, бұған бюджет қаражатының ұрлануы себеп болған. Моноқалаға кіре берістегі гектардан астам аумақта субұрқақ салып, орындықтар мен флагшток орнатылуы тиіс болған. Бірақ қазір саябақ қараусыз қалды, кіреберіс арканың іргетасы жарылып, су құбырлары жарамсыз болып қалған.


Жергілікті биліктің мәліметінше, Қаратау қаласын абаттандыруға бөлінген 148 миллион теңге бюджет қаражатының ұрлануынан саябақ құрылысы аяқталмай қалған. Сондықтан құрылыс тоқтатылып, қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жазаланды, дейді олар.

“Осы саябақты қалпына келтіруге тұрғындардан көптеген өтініштер түсіп жатыр. Бізге құрылыс жұмыстарын жалғастыруға рұқсат берді. Енді жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеп, аудандық бюджетті жоспарлау бөліміне өтінім береміз. Қаржы бөлінгеннен кейін жұмысты жалғастырамыз”, – дейді Қаратау қаласының әкімінің орынбасары Ұлан Сәрсенбек.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.