Бас киімі үшін тоқтаған курьер жол апатына себеп болды

1 536

Фото: ©Видеодан скринАлматыдағы Сайын көшесінде электрвелосипед мінген курьер қауіпті жол апатына себеп болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы полициясының мәліметінше, жол-көлік оқиғасының себебін анықтауға бейнебақылау камераларынан алынған видеолар көмектескен.
Кардларда электрвелосипед жүргізушісінің қозғалыс кезінде бас киімін түсіріп алып, оны көтеру үшін тоқтағаны көрінеді.

“Оның артынан көліктер легі де тоқтайды. Осы сәтте су таситын көлік жүргізушісі тежеп үлгермей, соқтығысуды болдырмау үшін көлігін бір жаққа бұрып, металл қоршауға соғылған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ”, – делінген полиция хабарламасында. 

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Алматы полициясы бұл жағдай жолдағы жағдайдың санаулы секундта өзгеруі мүмкін екенін тағы бір еске салғанын атап өтті. Полиция жүргізушілерді арақашықтықты сақтап, алдағы көліктің күтпеген маневріне дайын болуға шақырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.