Қызылорда облысынан Сенат депутаттығына 3 үміткер сайлауға түспек

567
Қызылорда облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына 3 үміткер тіркелген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Олардың арасында мемлекеттік кәсіпорын басшысы-мәслихат депутаты, саяси және мемлекеттік қызметші бар. Үміткерлердің орташа жасы - 54.

Облыстан «Қазсушаруашылығы» республикалық мемлекеттік мекеменің Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Жорабек Нұрымбетов, облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов, Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменов ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткер ретінде тіркелген. 14 қаңтарда өтетін сайлау күнінде облыстағы 147 мәслихат депутаты дауыс беру арқылы таңдау жасайды. Облыстық сайлау комиссиясына өтініштер мен шағымдар келіп түскен жоқ, - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.