Қызылордада заң бұзушылық кезінде 24 миллиард теңгеге шығын келді
539
Қызылорда облысында бір жыл ішінде заң бұзушылықтар кезінде 24 млрд теңгеден астам сомаға шығын келтірілгендігі анықталды, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің (ҚІМК) баспасөз қызметі.
Комитетте нақтыланғандай, анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасының 8,9 млрд.теңгесінің 6,4 млрд.теңгесі қалпына келтірілді, ал негізсіз пайдаланылған 2 млрд.теңге сомасында қаражат бюджетке қайтарылды.
Сонымен қатар, Департамент тарапынан заң бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы тәртіптік жауапкершілікке 291 аудит объектісінің лауазымды тұлғалары тартылған. Десе де, толық мемлекеттік қызметкерлердің қаражатты оңды – солды шашқан жандардың тізімі берілген жоқ, бәлкім алдағы уақытта сыр беріп қалар.
«Облыстық департамент 2021 жылы 255 аудиторлық іс-шара өткізіп, нәтижесінде жалпы сомасы 24,1 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтар 17,9 млрд теңгеге немесе 74,3% (қаржылық) және рәсімдік бұзушылықтар) және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу 6,1 млрд теңгені құрағандығы анықталған. Алайда, бұзушылықтардың жалпы сомасының 25,3%-ын құрады», - делінген хабарламада.
Комитетте нақтыланғандай, анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасының 8,9 млрд.теңгесінің 6,4 млрд.теңгесі қалпына келтірілді, ал негізсіз пайдаланылған 2 млрд.теңге сомасында қаражат бюджетке қайтарылды.
«Сол сияқты, мемлекеттік аудит объектілерінің мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу мәселесі бойынша жалпы сомасы 6,1 млрд теңгеге заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 2,1 млрд теңге нәтижеге әсер етті. Бұл мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне әсер етпеген, бұл ретте аудитпен қамтылған мемлекеттік сатып алу қаражатының жалпы сомасы 6,7 млрд теңгені немесе анықталған бұзушылықтар сомасының үлес салмағы 91%-ды құрады», - деп түсіндірді ҚІМК.