Балабақшадан өрт шықты
1 335
Қарағандыда құтқарушылар өртке оранған жекеменшік балабақшадан 82 баланы эвакуациялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрілігінің мәліметінше, Қарағандыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде жертөледе 1 ш.м. алаңда заттар мен электр қалқанының автоматы жанған.
"Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт жедел сөндірілді. ТЖМ күштері ғимараттан 88 адамды, оның ішінде 82 баланы тез арада эвакуациялады. Оқиға орнында балаларды жылыту үшін вахтовкалар жұмылдырылды. ТЖД психологтары мен ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері болды. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады", - делінген хабарламада.