Мемлекеттік қызметкерден 50 млн теңге бопсалаған кәсіпкер ұсталды

258
Түркістан облысының шенеунігінен қомақты ақша бопсалаған кәсіпкер ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Шымкент қалалық ПД-ға мемлекеттік мекемелердің бірінің басшысы жүгінген. Ер адам өзінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратамын деп жеке кәсіпкер 50 млн теңге бопсалап отырғанын айтты.

Аталған жайтты жедел уәкілдер ҚР ҚК-нің 194-бабы («Қорқытып алу») бойынша тіркеді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізіп, нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысқан мегаполис тұрғыны болып шықты. Алайда ол конкурстан жеңіліп, жәбірленушіні кінәлаған. Оны полицейлер 45 миллион теңгені қолма-қол алу кезінде ұстады. Оның 40 млн теңгесі жалған ақша болды.

Күдікті қамауда. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицейлер ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғын тексереді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.