Өзін жастымын деп таныстырған ер адам 11 жасар қызға интимдік суреттерін жіберген

1 605

Павлодарда ер адам 11 жасар қызды кездесуге шақырмақ болған. Ол ойын іске асырмақ пиғылмен өзін 11 жастағы бала етіп көрсеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


30 жастағы ер адам кішкентай қызға өзінің интимдік фотосуреттерін жіберіп, қыздан дәл солай жауап беруін сұрай бастаған. Жәбірленуші қыздың отбасы бұл оқиғаның көптің назарына іліккенін қалайды.


Қыздың анасы олардың хат алмасқанын көріп қояды. Арам пиғылды азаматты анықтау үшін әкесі онымен қызының атынан жазып, сөйлесе бастаған. Ер адам мектептің жанында кездесуге келісіп, ол жерде оны қыздың әкесі мен достары қолға түсірген. Олар азаматты полицияға тапсырады. Тексеру барысында күдіктінің қалтасынан пышақ табылған, ал оның телефонынан өзін-өзі қанағаттандырумен айналысқан сексуалдық бейнеролик анықталған.


Күдікті 17 қарашада ұсталған. Полиция оның үстінен "Кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықсыз қорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.