Мүгедек баласы бар ата-аналар ерте зейнетке шығуы мүмкін
Мүгедек баласы бар ата-аналар ерте зейнетке шығуы мүмкін, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкіметте осылай деп мәлімдеді. Ал ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту үшін мектепте жұмыс істейтін арнайы көмекші мамандар әзірленеді.
Ерекше балалардың мәселесі бүгін Үкіметте талқыланды. Денсаулық сақтау министрінің дерегінше, соңғы үш жылда мүгедектігі бар бала саны 11 пайызға артқан. Әсіресе, 7-18 жастағы жеткіншектер арасында жүйке жүйесі аурулары көбейген.
Негізі өсу себептерінің бірі ерте диагностикалық әдістердің қайта қаралуы. 2021 жылдан бастап аутизмге байланысты жаңа скрингтар енгізілді. Соған байланысты ерте анықтау. Сонымен қатар, әлі де проблемалар бар. Бұл туа біткен аномалиялардың әлі де жоғары болуына байланысты.
Енді мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мектепте «жеке көмекші» жұмыс істейді. Ол үшін келесі жылдан бастап колледждер 3,5 мың педагог асисстент даярлайды. Ал мұндай мамандар бүгінде Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тапшы. Бұдан бөлек, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған 203 мың ата-ана үшін де түрлі жеңілдіктер жасалмақ. Олар зейнетке ерте шығуы мүмкін.
Бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Біз әрдайым кеңесте осы мәселені көтереміз. Бірақ қәзір дәл осы аналар үшін зейнет жасы төмендейді деген оң шешім жоқ.
Әлеуметтік жәрдемақы алу үшін мүмкіндігі шектеулі жандар жыл сайын мүгедек екенін дәлелдеуге міндетті. Оларды жұмыспен қамту жағы да ақсап тұр. Еңбек етуге қабілетті азаматтардың 50 пайызы екі қолға бір күрек таппай жүр. Премьер-министр мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалып жатқан жұмыстарды мардымсыз деді.
Қолайлы орта қалыптастыру бойынша істеліп жатқан жұмыстарда көзбояушылық көп. Объектілерді мүгедектігі бар адамдардың, қарттардың ыңғайына қарай бейімдеу жұмысын күшейту қажет.