Полиция подполковнигі соққыға жығылды

174
Алматыда бес ер адам полиция подполковнигін ұрып, соққан деп хабарлайды, Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Желіде Алматыда полиция қызметкерінің соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Оқиға 9 қазанда, түнгі сағат 00:30 шамасында «Панорама» мейрамханасының жанында болған, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Белгісіз адамдар Алматы қаласының полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға уәкілі, полиция подполковнигі Р. Өтегеновті соққыға жыққан.


Ол «жабық бас сүйек - мидың жарақаты, мидың шайқалуы»диагнозымен №12 орталық қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ көптеген гематома мен сынықтар да болды.
«Бұл факт Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қылмысты жасады деген күдікпен 5 ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», - деді полиция департаменті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.