"Су зиратқа дейін жетті": Қостанай облысын су басу қаупі бар
Қостанай облысында айналма каналдың суы Новоселовка ауылының маңындағы бейітті басып қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қостанай облысында айналма канал бітеліп, салдарынан тасыған су зиратқа басына жеткен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай алғаш рет болып тұрған жоқ. Қыста бұл жағдай бірнеше рет қайталанады. Алайда су деңгейі бұрын-соңды мұндай жерге жеткен емес дейді.
Қанал 2024 жылы көктемде Қарасу ауданында, Новоселовка ауылының маңында тасқын суды ағызу үшін салынған. Дегенмен ол үнемі бітеліп, су басу қаупін тудыратын көрінеді. Тұрғындар көктем келе су деңгейі бақылаудан шығып, ауылды су басады деп қауіптеніп отыр.
Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті Қарасу ауданы, Новоселовка ауылында ауа температурасының төмендеуіне байланысты дренаждық арнада мұз қабаты пайда болып, салдарынан су тасығанын мәлімдеді.
Құтқарушылар судың неге баяу кетіп жатқанын анықтау үшін ғылыми институттарға хат жолдағанын хабарлады. Былтыр бірігіп кеткен көлдер арасындағы аумақ судан тазартылмағандықтар Қарасу өңіріндегі су тасқыны жергілікті тұрғындарды алаңдатып қойды.