Алматыда әйеліне араша түсіп, анасын сабаған тұрғынның ісі сотқа жолданды
267
Күдікті кінәсін толық мойындап, қатты өкінетінін жеткізіпті. Оқиға мамыр айында Алматыда болған еді.
Жақын адамына жұдырық ала жүгірген азамат 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Экспресс К.Көпшіліктің көзінше кейуананы аяусыз сабап тастаған жаға ұстатарлық жағдай жайлы Экспресс К бұрын жазған болатын. Кейін анықталғандай, дау келін мен ененің ұрысынан шыққан. Сұмдық оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған болатын.
Енді өз шешесіне қол жұмсаған тұрғынның әрекеті сотта қаралады. Ол енді үш жылын темір тордың арғы жағында өткізуі мүмкін.