Лифтіде әйелін ұрған ер адам ұсталды

1 556

Фото: видеодан кадрМаңғыстау облыстық Полиция департаменті лифтіде әйелді ұрған күдікті ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 

Оқиға 27 сәуірде болған. Видеодан ер адамның лифттен шығып бара жатқанда әйелді жұдырықтап, аяусыз тепкінің астына алғанын көруге болады. 



"Ер адам отбасындағы жанжал үшін жауапқа тартылды. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді", - деп хабарлады полиция өкілі.


Сонымен қатар мұндай құқық бұзушылықтар үшін 5 тәулікке дейін қамауға алу шарасы қарастырылғаны белгілі болды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.