Аулада жеңіл көлік алты жасар баланы қағып, бала қаза тапты

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИЕкібастұзда тұрғын үй ауласында жеңіл көлік алты жастағы баланы қағып, салдарынан бала қаза тапты. Оқиға 19 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында болған. Фактіні Павлодар облысының полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, бала өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Марқұм баланың туыстарының айтуынша, көлік тізгінінде қыз болған.

Олардың сөзінше, жүргізуші аулада орналасқан "жасанды жол кедергісіне" қарамастан, көлікті жоғары жылдамдықпен жүргізген. Мәліметтерге сенсек, көлік жүргізушісі ұсталған.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін және жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырды. Әсіресе тұрғын үй аулалары мен адам көп жүретін аумақтарда сақтық таныту қажет.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.