Талдықорғанда жалған нөмірмен жүрген депутаттың көлігін тоқтатқан екі полицей парамен ұсталды

277

Бұған дейін Алматы облысы мәслихатының хатшысы Дәулет Жарасбаевтың жүргізушісі көлігіне жалған нөмір тағып алғаны анықталған еді. Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова мәлімдеген. Бүгін депутаттың қылмысын әшкерелеген екі полицейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пара алды деген айыппен ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дуйсенова 2022

"Қасым-Жомарт Тоқаев, жаңа Қазақстанды осылай құрасыз ба? Кеше Талдықорған қаласының екі жол полициясы Алматы облысы мәслихатының хатшысының жалған нөмірмен жүрген жүргізушісін ұстауға көмектесті. Ал бүгін олардың өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұстап жатыр. Бұл бассыздық қой", – дейді Дүйсенова жұма күні тараған видеода.


Бұл оқиғаға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік түсінік берді. Агенттіктің мәліметінше, екі оқиғаның бір-бірімен байланысы жоқ.


"Әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Алматы облысының екі жол полициясы қызметкерін ұстағаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұған дейін полицияның мәслихат хатшысын жауапқа тартқаны туралы жария болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет атынан бұл фактілердің өзара ешқандай байланысы жоқ екенін хабарлаймыз", – делінген ақпаратта.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.