Қазалыда әйеліне қол көтерген еркек жазаланды

1 580

Фото: elements.envato.comӘйеліне қол көтергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Жәбірленушіні тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша (ҚК-нің 109-1-бабының 1-бөлігі)  қылмыстық теріс қылық ісі қаралды.

Сотталушы азамат некедегі әйелінің мойнынан қылғындырып, жағасынан ұстап үйдің қабырғасына тақап, кеудесінен жұлқылау арқылы тән ауруына ұшыратқан, денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген түрдегі дене жарақатын салған.

Кінәсін оқиға орнында қарап-тексеру хаттамасымен,  сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен және істің басқа да құжаттары дәлелденді. Сотталушы өзінің кінәсін мойындап, шын жүректен өкінетіндігін айтты. 

Сот үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 73 840 (жетпіс үш мың сегіз жүз қырық) теңге айыппұл жазасы тағайындалды. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.