Қазақстан "Байқоңыр" ғарыш айлағын 115 млн долларға жалға беріп отыр

210

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру ақысы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



«Байқоңыр» ғарыш айлағында кеңестік кезеңнен қалған ұшыру алаңдары бар. Ұшыру кешендерінің өзі нақты үлгідегі зымыран тасығыштарға арналған. Сондықтан онда арнаулы зымыран тасығыштар пайдаланылып келеді. Оларды басқа мақсаттарда пайдаланудың балама бағыттары жоқ, яғни техникалық тұрғыда мүмкін емес», - деді М. Олжабаев Сенат кулуарында.


Вице-министрдің сөзінше, жалға алу шартында ғарыш айлағы қызметіне қазақстандық мамандарды жұмылдыру ескерілген. Сондай-ақ, ол зымыран тасығыш ұшырылғаннан кейін, экологиялық жағдайға бақылау жасауға ерекше мән беріліп отырғанына сендірді.


«Бүгінгі таңда ғарыш айлағын жалға беру құны – жылына 115 миллион доллар. Егер инфляция туралы айтатын болсақ, бұл төлем доллармен есептеледі. Ал ұлттық валютада болса да, қазіргі бағам бойынша есептеліп отырады. Теңгедегі баға 1994 жылдан бері айтарлықтай өсті. Неге сіздер аз (жалға беру ақысын – ред.)дейсіздер?», - деді Мәлік Олжабеков.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.