Педофилдерге химиялық кастрация жазасын қолдану тәртібі күшіне енді

5 036

Фото: abomus.co.ilБүгіннен бастап Қазақстанда педофилия қылмысын жасаған адамдарға химиялық кастрация жазасын қолдану тәртібі күшіне енді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл өзгеріс ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген «Мәжбүрлі медициналық сипаттағы шараларды қолдану қағидаларына» енгізілген түзетулер аясында жүзеге асады. Жаңа ереже бойынша, химиялық кастрация психиатриялық немесе амбулаториялық медициналық ұйымдарда сот шешіміне сәйкес жүргізіледі.


«Сотталған адамды босатуға алты ай қалғанда, түзету мекемесінің әкімшілігі сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін материалдарды сотқа жолдайды. Сараптама қорытындысы негізінде химиялық кастрация қолдану туралы шешім қабылданады» делінген министрлік хабарламасында.


Химиялық кастрация 18 жастан асқан, педофилиялық сипаттағы қылмыс жасаған тұлғаларға ғана қолданылады. Бұл шара соттың заңды күші бар шешімімен ғана жүзеге асырылады және психикалық ауытқуы бар адамдарға қолданылмайды.


Министрлік дерегінше, кейінгі екі жылда елде 96 адамға осындай шара тағайындалған: 


2023 жылы - 40 адамға

2024 жылы - 56 адамға. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.