Мемлекетке 123 млн теңгеге жуық шығын келтірген білім басқармасының экс-басшысы сотталды

90

Алматы облысы білім басқармасының экс-басшысы Майгүл Омарова 11 жылға сотталды, - деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі хабарлайды. 



Жетісу облыстық сотының мәліметінше үкім төрт айыпталушыға қатысты шығарылған. Олардың қатарында Майгүл Омарова да бар. Сотталушыларға "Пара алу", "Пара беру", "Алаяқтық" және "Салғырттық" бабымен айыптар тағылған. 


"Сот үкімімен О. мен А. Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі "Пара алу" бойынша кінәлі деп танылып, оларға осы баппен мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген хабарламада.


2020 жылдың тамызынан басап Алматы облысы білім басқармасының басшысы мемлекеттік сатып алулар саласында топпен бірге қылмыс жасаған.


"Сол арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу шартынын сомасының 10 пайызы көлемінде пара алу мақсатында А.- дайындаған М.-мен Н.-ға бағынышты ЖК-мен Алматы облысының білім беру мекемелеріне қашықтықта оқытуға арналған ноутбуктерді сатып алу туралы осы келісім шартқа қол қойған", – деп атап өтті сот өкілдері.


Кейін лауазымды тұлғалар сатып алынған ноутбуктерге  "Microsoft Windows" бағдарламасын еш шығынсыз интернет желісінен жүктеу арқылы өздері орнатқан. Салдарынан мемлекетке 123 миллион теңгеге жуық шығын келген. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.