Ресей азаматтары Қазақстан банктерінде жаппай шот ашып жатыр
247
Ресей мен Беларусь азаматтары Қазақстан банктерінде жаппай шот аштырып жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі түсініктеме берді.
Агенттіктің мәліметіне сүйенсек, 24 ақпаннан бері Қазақстан банктерінде Ресей мен Белоруссияның резидент-жеке тұлғалары үшін 11 940 шот ашылған. Олардың арасында 10 725 шот өтініш берушінің немесе сенім білдірілген адамның Қазақстан банкінде жеке болуы есебінен және 1 215 шот қашықтан ашылған.
Қазір ҚР банктерінде шоты бар азаматтардың саны – 162 мыңға, ал Қазақстан банктерінде шоттары бар Ресей ұйымдарының жалпы саны 805-ке жеткен.
Бұған қоса, агенттік Ресей азаматтары ашқан жаңа шоттардың саны өскенін айтты.







