17 адам балмұздақтан уланып қалды

2 189

Фото: ғаламторданЖыл басынан бері қалада тамақтан уланудың екі фактісі тіркелді. Бұл туралы Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Әсем Даулетова мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бірінші жағдайда 8 адам қоғамдық тамақтану орнынан зардап шеккен. Ал екінші оқиғада балмұздақ жеген 17 адам уланып қалған.

– Тергеп тексеру жұмыстары жүргізілді. Зертханалық тексеруден соң оң нәтиже тіркелді. Нысан санитарлық-эпидемологиялық талаптарға сай болмағандықтан оның қызметін тоқтату туралы қаулы шығарылды. Жұмысшылардың медициналық бақылаудан өтпегені анықталып, шектеу енгізілді. Кәсіп иелесі қызметін бастағаны туралы да хабарлама жібермегендіктен олардың жұмысына тиым салынды, - деді Әсем Дәулетова.

Ресми мәліметке сәйкес, Шымкент қаласы аумағында балмұздақ дайындаумен айналысатын 98 нысан тіркелген. Осыған орай, департамент тарапынан жаз мезгілінде тағам өнімдерінің сапасына бақылау күшейтіліп отыр.

– Мұндай жағдай болса, біз құқық қорғау органдары мен полицияға ресми түрде хат жолдаймыз. Егер құрамында қылмыстық іс бар деп танылса, материалдар полицияның қарауына жіберіледі. Аталған дерек бойынша тиісті мекемеге хат жолданғанымен, бүгінгі күнге дейін жауап келмеді, - деді Әсем Дәулетова.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.