Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды
363
Оңтүстік аймақтарды қоспағанда, Қазақстанның барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады. Күн күркіреп жаңбыр жауады. Батыста ауа температурасы түнде +15...+23℃, күндіз +25...+38 градус. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6...+20℃ болса, күндіз сынап бағанасы +10...+28℃-ты көрсетеді. Елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7...+20℃, күндіз +15...+30℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнде температура +12...+23°С, күндіз +27...+38°С болады. Ірі қалалардағы ауа райы Нұр-Сұлтан қаласында 15 шілдеде күн бұлтты болады, жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +15°С, түнде +10°С. Желдің жылдамдығы – 13 м/с. 16 шілдеде көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +17°С жылы болады, түнде ауа температурасы +11°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы – 12 м/с. Ал 17 шілдеде көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Күндіз +24°С, түнде +11°С жылы болады. Алматыда 15 шілдеде көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы +31°С, түнде +19°С болады. Желдің жылдамдығы – 9 м/с. 16 шілдеде қалада көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауады. Синоптиктер найзағай ойнайды деген болжам жасады. Ауа температурасы күндіз +25°С, түнде +19°С. Ал сенбі, 17 шілдеде күн ашық болады. Күндіз +29°С жылы, түнде +20°С. Шымкент қаласында 15 шілдеде күн ашық, ауа температурасы күндіз +31°С, түнде +18°С. Желдің жылдамдығы – 10м/с. 16 шілдеде де күн ашық, күндіз +32°С, түнде +18°С жылы болады. Сенбі, 17 шілдеде күн ашық болып, ауа температурасы +35°С-қа дейін көтеріледі. Түнде +21°С-ты көрсетеді.