Солтүстік Қазақстанға көшіп келгендер мемлекеттен 103 миллион теңгеден астам қаражат алып, кейін қонысын тастап кетті
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары қоныс аудару бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына саілтеме жасап.
Қадағалау органы тексерулер аясында әлеуметтік шарттың қабылданған міндеттемелерін орындамау және тұрғын үй құнын асыра бағалау мақсатында қолданыстағы заңнаманың өрескел бұзылуын анықтады.
Осындай заңсыз әрекеттерден мемлекетке жалпы сомасы 11,3 миллион теңге шығын келтірілген.
Сонымен қатар әлеуметтік шарт бойынша өз міндеттемелерін бұза отырып, мемлекеттен қаржылай көмек алған қоныс аудару бағдарламасына қатысушылар тұрақты тұру үшін қоныс аударған орнынан елдің басқа аймақтарына көшкен.
Осыған қарамастан, жергілікті атқарушы органдардың шенеуніктері 103,6 миллион теңге көлеміндегі төлемдерді өндіріп алу шараларын қолданбаған. Прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың 25 қызметкері (оның ішінде Мансап орталықтары филиалының 11 басшысы) тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 19,1 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражаты өтелді.
Қалған сомаға талап арыздар сотқа беріліп, қаралуда. Бюджеттік қаражатты жұмсау мәселесі облыстық прокуратураның бақылауында.
Бұған дейін этникалық қазақтар Қазақстанда тұрып, жұмыс істеуге мүмкіндік алған еді.