200-ден аса жолаушысы бар пойыз релістен шығып кетті

831

Ақтөбеде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

 

Алдын ала мәліметтер бойынша, бүгін сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір теміржол станциясында жолаушылар пойызы маневрлік локомотивпен соқтығысқан.


Салдарынан «Бішкек-Самара» бағытымен жүретін №317 жолаушылар пойызының тепловозы, №1 вагоны және №2 жолаушылар пойызының 3 доңғалақты жұбы рельстен шығып кетті. Оқиға орнына Қазавиақұтқару тікұшағы ұшып шығып, құтқару бөлімшелері және ҚТЖ қалпына келтіру пойызы жөнелтілді, - деді ТЖД баспасөз қызметі.


Релістен шығып кеткен пойызда 200-ден аса адам (Қырғызстан, РФ және Қазақстан азаматтары, ҚТЖ қызметкерлері) болған. Жолаушылар зардап шекпеген. Олар пойыздың басқа вагондарына орналастырылды.

Апатқа қатысты жедел штаб құрылды. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.