Балабақшада сурет салып отырған бала қатарласының көзін қарандашпен шұқып алған

275

Екібастұздағы балабақшада сурет салып отырған бала жанындағы баланың көзін қарындашымен шұқып алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.


№24 балабақшадағы жағдай туралы тәрбиеленушінің анасы әлеуметтік желіде мәлімдеді. Әйел баласының көзіне қарындаш кіріп, жарақат алғанын айтып, тәрбиешіні "балаларға қарамады" деп айыптады. 


Осыдан кейін мектепке дейінгі мекемеде қызметтік тергеу жүргізілді. 


Балабақша басшысы Людмила Лабудько оқыс оқиға 28 сәуірде түстен кейін болғанын айтты. Сол кезде топта 4-5 жастағы үш бала ғана болған. Екеуі үстел басында сурет салып, тәрбиеші олардың жанында отырған. Мұны бейнебақылау камерасы да растайды.


"Сурет салып отырған бала кенет бұрылып қалғанда, екінші баланың көзіне қарындаш тиіп кетеді. Сол кезде бала жылаған жоқ. Көзі ісіп, жарақат алмады. Дегенмен оны дереу дәрігерге қаратты. Тәрбиешілер бірден анасын шақырды", - деп түсіндірді ол.


Осы оқиғаға қатысты қалалық білім бөлімінің қызметкерлері қызметтік тергеу жүргізіп, ата-аналармен әңгімелесіп, бейнебақылау камераларын қараған.


Бұл оқиғада тәрбиешінің кінәсі жоқ. Бәрі абайсызда болды. Абырой болғанда баланың көзі қатты жарақат алмады. Қазіргі таңда ата-аналардың да талаптары жоқ. Мәселе шешілді, - деді білім бөліміндегілер.


Осыдан кейін, Екібастұз қаласы әкімдігі мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі мен "Почемучки" тобының тәрбиешісіне сөгіс жарияланды.