Болат Назарбаевқа қарасты жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

1 506

Фото: ашық дерек көзіБолат Назарбаевқа қарасты Қордай ауданындағы жерлер мемлекетке қайтарылды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"2004 жылы Қордай ауданы әкімдігінің және Қордай ауылдық округі әкімінің актілері бойынша, Б.Н. Назарбаевқа тиесілі "Қарасай БН-Тараз" ЖШС-ға "Барыс-2" сауда кешеніне қызмет көрсету үшін ауданы 34,3017 га учаске берілді.

Учаскені беру кезінде оның тәртібі бұзылған, атап айтқанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы ерекше қорғалуға жататын ауданы 22,25 га суармалы егістік жерлердің бір бөлігі базарға қызмет көрсету үшін берілген", - делінген хабарламада.


Осыған байланысты аудан прокуратурасы аудан және ауылдық округ әкімдіктерінің актілерін, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану және күшін жою туралы сотқа талап берген.


"Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен "Қарасай БН-Тараз" ЖШС-мен Қордай ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі арасындағы 24.07.2007 жылғы №81 және №82 жер учаскелерін сатып алу-сату, жер учаскелерін өтеусіз беру туралы "Қордай Инвест" ЖШС-ның барлық шарттары жарамсыз деп танылып, күштері жойылды".