17 жасар жасөспірім ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді

1 514

Фото:©pexels.comАқмола облысында 17 жастағы студент кене шаққаннан кейін ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Baq.kz сайтынас сілтеме жасап.

Дәрігерлер оған кене арқылы таралатын вирустық энцефалит деген алдын ала диагноз қойған. Белгілі болғандай, жасөспірімді кене 16 -шы мамыр күні шаққан. Алайда отбасы бірден медициналық көмекке жүгінбеген. Уақыт өте келе оның денсаулығы нашарлап, жағдайы күрт ауырлаған. Соның салдарынан науқас шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта жасөспірім дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда. Мамандар қажетті зертханалық және диагностикалық тексерулер жүргізіп, тиісті ем-дом шараларын қолға алған. Дәрігерлердің айтуынша, кене шаққаннан кейін ауру белгілері бірден байқала бермейді. Кей жағдайларда инфекцияның жасырын кезеңі бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылуы мүмкін. Сондықтан кене шаққан жағдайда дереу медициналық мекемеге жүгіну маңызды.

Алғашқы белгілер 7–10 күн ішінде пайда болады. Кене энцефалитінің асқынуы өте қауіпті, себебі вирус орталық жүйке жүйесін  ми мен жұлынды зақымдайды. Оның салдары қайтымсыз болуы мүмкін, – деді облыстық балалар ауруханасының реанимация бөлімінің меңгерушісі Ербол Жұмағалиев.

Мамандар табиғат аясында демалған кезде жабық киім киіп, денені жиі тексеріп отыруға кеңес береді. Сондай-ақ кене анықталған жағдайда оны өздігінен алуға тырыспай, дәрігер көмегіне жүгінген жөн. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегіне сәйкес, биыл маусым айының басынан бері өңірде кене шаққаннан кейін 500-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде үш адамнан кене энцефалиті анықталған. Ауру жұқтырғандар негізінен Бурабай және Сандықтау аудандарының тұрғындары болып шыққан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.