Мәжіліс адам саудасына тыйым салатын заң жобасын мақұлдады

1 618

Коллаж: Halyq UniМәжіліс депутаттары адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы және оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің сөзінше, заң жобасымен «адам саудасының құрбаны», «адам саудасының ықтимал құрбаны», «осал жағдай» және «адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілері» сияқты бірқатар жаңа ұғымдар енгізіледі.


«Құжат 4 негізгі бағытты қамтиды. Біріншісі – серіктестік. Осы саладағы адам саудасына қарсы іс-қимыл барлық субъектілерінің өзара әрекеттесу қағидаларын реттейді. Нәтижесінде уәкілетті және мемлекеттік органдар; әкімдіктер; үкіметтік емес ұйымдар; жұмысқа тұрғызу агенттіктері, туристік фирмалар және шетелдік құзыретті органдар адам саудасына қатысты қылмыстардың алдын алу бойынша кешенді жұмысты бірге атқаратын болады», - деді ведомство басшысы Мәжілістің жалпы отырысында.


Бұдан басқа адам саудасының барлық түрі бойынша қылмыстық заңнамаға сілтеме нормалары қаралды. 


Қылмыстық кодекске «адам саудасымен байланысты қылмыстар» ұғымы енгізіледі; жасау тәсілдері бойынша «адамды қанау» ұғымы кеңейтіледі; Қылмыстық кодекстің 309-бабының 2-бөлігі, яғни «притон ұстау және жеңгетайлықты» «Интернет желісі арқылы» жасау деген жаңа саралау белгісі көзделді, деп атап өтті министр.


«Осылайша бұл қылмыс ауыр санатқа жатқызылады. Қылмыстық-процестік кодексте жәбірленушінің әлеуметтік арнаулы қызметтер алуға құқығы көзделді. «Неке және отбасы туралы» кодексте лауазымды адамдарға балалар қалдырылған жағдайда, олар бұл туралы прокуратураға хабарлау міндеті бекітілді. Атап айтқанда, приюттер, балалар үйлері және басқа да ұйымдарды қамтиды. «Жәбірленішулерге өтемақы қоры туралы» Заңға қосымша үш қылмыс түрі, яғни қанау мақсатында ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айыру, жезөкшелікпен айналысуға тарту қылмыстары бойынша құрбандарға өтемақы төлеу мүмкіндігі енгізілді. Балаларды өздеріне қалдырғаны туралы хабарламағаны үшін  медициналық ұйымдардың, приюттердің, балалар үйінің қызметкерлеріне қатысты жауапкершілік көзделіп жатыр», - деді ІІМ басшысы.