Түркістан облысында оқушыларға ноутбук алу кезінде 2,5 миллиард теңге жымқырылған

312
Түркістан облысында қашықтан оқытуға арналған ноутбуктерді жеткізу кезінде 2,5 миллиард теңгеден аса сома жымқырылған деген дерек анықталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет "Қазақстандағы білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған" бағдарламасы аясында пандемия кезінде мектеп оқушыларын қашықтан оқыту үшін ноутбук сатып алуға қаржы бөлгені айтылған еді.

"МТ-Сервис" ЖШС директоры Түркістан облысы әкімдігінің "Адам әлеуетін дамыту басқармасы" ММ-мен жалпы сомасы 3,4 миллиард теңгеден асатын қаржыға 21 мың ноутбук жеткізуге келісімшарт жасады. Бұл ретте 2,5 миллиард теңгеден аса сомаға жеткізілген тауар тапсырыс берушінің техникалық ерекшеліктеріне сәйкес келмеді", - делінген хабарламада.


Бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша "МТ-Сервис" ЖШС басшысы мен облыс әкімдігінің Адами әлеуетті дамыту басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

"Қазіргі уақытта кәсіпорын директоры Қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес қамауға алынып, тергеу соты оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды", - деді ҚМА баспасөз қызметі өкілдері.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.