Республикадағы ауыз су мәселесін шешуге 498 миллиард теңге жұмсалмақ

534

Халықты ауызсумен қамтамасыз ету үшін 2021-2025 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 498 млрд теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Ағымдағы жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу мен реконструкциялауға 151,4 млрд теңге, оның ішінде қалаларда – 77,3 млрд теңге, ауылдарда – 74,1 млрд теңге көзделген", - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов.

Сонымен қатар, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ел халқының 95% сапалы сумен жабдықтау көзделген, бұл көрсеткішті қалада – 98%, ауылда – 91,8% жеткізу жоспарланған.


Ауызсумен қамтылмаған 1 922 ауылдың 793-інде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерін салу жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр", - деді комитет басшысының орынбасары.