Жалақым – 1 млн теңге : Бас прокурордың орынбасары

258
Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша, Бас прокурордың орынбасары тапқан табысын тек отбасының игілігіне жұмсайды. Оның үстіне, құмар ойынға әуестігі де жоқ, казиноға бармайтынын айтты.

"Казино ойындары – әлеуметтік мәселе. Ол құмарлықтан гөрі ауру деп айтар едім. Яғни лудомания деген ғылыми термин бойынша ол – психологиялық ауру. Мен (казиноға – ред.) барған жоқпын. Жалақым – 1 млн теңге. Жалақымды отбасына жұмсаймын. Жалақыны басқа қайда жұмсаймын? Ешқайда бармаймын", - деді Бас прокурордың орынбасары Сенаттың кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде таралған Алматы облыстық прокуратурасының 305 мемлекеттік қызметкерінің құмар ойынға 507 млн теңге жұмсағаны туралы ақпаратқа қатысты пікірін білдірді. Барлық құқықтар қорғалған.

Алматы облысы прокуратурасының хаты бойынша тексеріс жүргізіледі. Кінәлілер жауапқа тартылады, - деді Әсет Шындалиев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.