Қытайға заңсыз 600-ден астам ақбөкен мүйізін әкетпек болған күдікті ұсталды
ҰҚК Шекара қызметі 20 қазанда «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қытай Халық Республикасына 620 дана ақбөкен мүйізін заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Тәркіленген дериваттың қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңгені құрауы мүмкін.
Осы фактіге қатысты материалдар – процестік шешім қабылдануы үшін тергеу бағыты бойынша құзыретті органға беріледі.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Қаз
Рус






