Аурухана бухгалтері 32 млн теңге жымқырған: 7 жылға сотталды

1 512

Фото: Opennews.kz ЖИСот үкімімен Маңғыстау көп бейінді облыстық ауруханасының бас есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан,сондай-ақ 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Облыс прокуратурасының тексеруі нәтижесіндеауруханада 32 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жымқыру фактісі анықталды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен (аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында бас есепші танысымен алдын ала сөз байласып, бюджет қаражатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың шоттарына аударып, кейін оларды қолма-қол ақшаға айналдырғаны анықталды.

Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді.

Сонымен қатар, бас есепшінің сыбайласына 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.