Бойжеткенді көліктен күшпен түсірген такси жүргізушісі жазаланбады
Астанада такси жүргізушісі жолаушыны көліктен күшпен түсіріп, жарақат келтірген. Ол 36 мың теңге айыппұл төлеп құтылып кеткен. Мамандар мұндай жағдайда жолаушыларға қалай әрекет ету керек екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Мадина есімді тұрғынның айтуынша, жүргізуші нақты мекен жайды сұрап, бара жатқан жақтың қате екенін жеткізген. Ал бойжеткен навигатор бар екенін айтқан. Сол кезде көлік жүргізушісі жолаушыны апарудан бас тартқан. Кейін тоқтап қызды күшпен көліктен түсіріп кеткен. Жәбірленуші оқиға орнында полиция шақырған.
Мадина сараптамадан бас тартқанына өкінетінін айтады. Себебі сол күні алған денесіндегі көгерген жарақаттар біраз күн ауырған.
Ал сот болса көлік жүргізушісіне жәбірленушіге өтемақысыз 36 мың теңгеге айыппұл салған.
Тұтынушылардың құқығын қорғаушылар заңға түбегейлі өзгеріс керек екенін растайды. Себебі олардың денсаулығы мен жағдайын ешкім бақылап жатқан жоқ.
Полицейлер болса такси жүргізшілері тарапынан қысым болған жағдайда бәрін телефонға түсіріп алуға кеңес береді.