RUB (-0.06) 6.43 KZT
USD (-0.25) 460.98 KZT
EUR (+0.70) 491.22 KZT
Қоғам
126

250 лауазым иесі жауапқа тартылды


Жамбыл облысында жолды дұрыс күтіп ұстамады деген себеппен жол сапасына жауапты 250 лауазым иесі жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Департаменттің баспасөз қызметі әлеуметтік желіге биылғы 9 айда жол сапасына байланысты жүргізілген тексерулердің нәтижесін жариялады.

Деректер бойынша, 9 айда жол-техникалық инспекция қызметкерлері ұзындығы 13 мың шақырымнан асатын жалпыға ортақ автожолдарға 1782 тексеру жүргізген. Тексеру барысында 11602 кемшілік анықталып, жол сапасына жауапты ұйым басшыларына және жергілікті атқарушы органдарға анықталған кемшіліктерді жою мақсатында 1782 нұсқама жіберілді.

Жамбыл облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жайдарбек Құттыбаевтың айтуынша, жол сапасына жауапты 250 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Олар автомобиль жолдарының жағдайына көңіл бөлмеген, яғни жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген.

Бұдан басқа Тұрар Рысқұлов және Шу аудандарының полиция бөлімі, сондай-ақ Тараз қаласының полиция басқармасы берген нұсқамаларды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 3-бөлімінің 462-бабына сәйкес, ауданның автожолдарын күтіп ұстауға жауапты лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды.

Өткен кезең ішінде автомобиль жолдарымен қиылысатын барлық 73 теміржол өткелдері тексеруден өтті. Тексеру барысында олардың құрамындағы 205 ақау анықталды.

Өткелдерге қызмет көрсететін ұйымдардың басшыларына кемшіліктерді жою үшін 68 нұсқама берілді. Теміржол өткелдерін қанағаттанарлықсыз ұстағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 20 лауазым иесі әкімшілік жауапқа тартылды.