Қызылордада күріш қымбаттады

353

Осыдан 3 ай бұрын күріштің 1  келісі 280-300 теңгеден сатылса, қазір- 400 теңгеге жеткен, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Баға 31 пайызға бір-ақ көтерілді. Соңғы 3 жылда аймақта су тапшылығы қатты сезілуде. Ол күріш шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізді. Дихандар жыл сайын егістік көлемін азайтуға мәжбүр. Былтыр, 78 мың 600 гектар аумаққа дән себілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 мың гектарға кем. Бірақ, көлемі азайғанымен шаруалардың шығыны еселеп кетті дейді мамандар.

“Тыңайтқыштардың бағасы 2-2,5 есеге дейін өсіп кеткен. Мысалы арзан жанар жағармай аламыз оның да бағасы өсті. Авиохим перероботка олар да өскен. Мысалы ауылдан қалаға алып келу тасымал құны ол да, себеп жанар жағармайдың бағасы өсуіне байланысты. Осының бәрі күріштің бағасына әсер етеді”, – дейді күріш өндірушілер және өңдеушілер қауымдастығының сарапшысы Айгүл Қосмұратова.

Биыл 200 мың тоннаға жуық ақ күріш алынған. Бұл -Қызылорданың ғана емес, еліміздегі сұранысты толық қамтиды. Биыл өнім тапшылығы болмайды.


“Күріш өндірушілердің ассоциациясы бар және ірі күріш өндіруші заводтар бар 20-дан астам. Олармен біз меморандумға қол қойғанбыз. Күрішті негізсіз қымбаттатпау жөнінде. Және ішкі нарықта арзандау сату жөнінде”, – дейді Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсенбаев.


Елімізге бір жылда шамамен 10-15 мың тонна күріш сырттан әкелінеді. Ал 12 мемлекетке жылына 50-60 мың тонна Сыр маржаны жөнелтіледі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.