Қазақстанда пітір садақаның биылғы мөлшері бекітілді

1 462

Фото: pixabay.comҚазақстан мұсылмандар діни басқармасы биылғы пітір садақа мөлшері мен Рамазан айының басталатын күнін бекітті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Басқарма мәліметінше, 2025 жылы қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Бұл айда мұсылмандар садақаның ең аз мөлшері пітір садақаны тапсыруы керек.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен отырыста пітір садақасы 655 теңге болып бекітілді. Ол еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде қойылды.

Рамазан айы 1 наурызда басталады.

Қадір түні – 26 наурыздан 27 наурызға қараған түні болады.

Ораза айт – 30 наурыз.

Құрбан айт – 6 маусымнан басталады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.