Қызылорда облысында мал ұрлығы бойынша күдіктілер қолға түсті

1 568

Фото: gov.kz25 желтоқсан күні Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында облыстық прокуратураның үйлестіруімен қылмыс жасады деген күдікпен 24 және 22 жастағы екі аудан тұрғынын анықтап, ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Күдіктілер аудан аумағындағы далалық жерде ұрланған малды сойып жатқан жерінен қолға түскен.

Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімінде мал ұрлығы фактісімен қылмыстық іс тіркелді.

Айғақты заттар тәркіленіп, іс материалдарына қоса тіркелді.

Қазіргі уақытта күдіктілердің мал ұрлығы бойынша басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктілер қамауға алынды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.