Байқоңыр қалалық соты еңбек шартына қатысты іс қарады

496

Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы кәсіпорнына еңбек шартын бұзу бұйрығын заңсыз деп тану, бұрынғы қызметіне қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген күндеріне жалақысын өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Тараптарға дауды татуластыру рәсімдерінің көмегімен аяқтау жөніндегі құқықтары түсіндірілген болатын.

Нәтижесінде, тараптар дауды татуласу арқылы шешу туралы келісімге келгендерін көрсетіп, соттан аталған келісімді бекітуді сұрады.

Татуласу келісімінің шарттары бойынша, жауапкер талап қоюшы бұрынғы қызметіне қайта орналастыруға және еңбек шартын бұзу бұйрығының күшінің жойылуына міндеттеледі, ал талап қоюшы амалсыз бос жүрген күндеріне жалақы өндіріп алу туралы талабынан бас тартады. 

Сот ұйғарымымен тараптардың арасындағы татуласу келісімі бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. 

Сот ұйғарымы заңды күшіне енбеген. 

Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі.