Елімізде 15 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

1 584

Фото: eatthis.comҚаржы министрлігі 15 шілдеден бастап темекінің ең төменгі бағасы 820 теңгеге өсетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


“Ең төменгі бөлшек бағалар келесідей: сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 (жиырма) папиростар, сигариллаларға және қыздырылатын темекі бұйымдарына 2024 жылғы 15 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда - 820 теңге, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 870 теңге”, – делінген хабарламада.


Қазір темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы – 770 теңге. Қаржы министрлігі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкасы өткен жылмен салыстырғанда 12,8%-ға өскенін атап өтті.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.