Қызылордада көпқабатты үйлердің бірінде қар суы үй ішіне тамшылап тұр
485

Еріген қар суының төбелерден сорғалай аққан сәтіндегі видеоны әлеуметтік желіге салып, шара көруін сұраған тұрғындар біздің агенттікке хабарласқан болатын. Абай даңғылында орналасқан үйлердің барлығы дерлік жақында ғана толық жөндеуден өткен. Дегенмен, сырт келбеті сүйсіндіретін үйлер бүгінде сыр беріп жатыр. Еріген қардың салдарынан аққан су тамшылап, электр желілерін зақымдауда.
Аталған үйдің тұрғындары қайта жаңғыртудан өтсе де, жұртты әбігерге салған нысанның көктемгі жаңбыр кезінде жағдайы не боларына алаңдаулы.
– Мен пәтер жалдаушымын. Үйдің сиқы осы, қала орталығында отырып төбемізден су кетті деген санаға сыйымсыз ғой. КСК-ны шақырттық, біз ештеңе жасай алмаймыз деп отыр. Қонақ бөлменің тоқ сымдары судың астында қалып, замыкание болдық. Өзімнің кішкентай балам бар. Жолдасым жұмыста тамшылаған су мен еденімізден тоқ ұрды, – дейді Абай даңғылының тұрғыны Гүлбақыт.
Тұрғындар ауызсудың да өткі мәселе болып тұрғанын айтады. Кеш батысымен ағыны әлсіз су жоғары қабаттарға көтерілмей қалады. Мәселеге қатысты көрсетілген мекен-жайға қарасты «Азамат» ПИК мекемесінің басшылығынан: «Күн жылыған соң жөндеу жүргізіледі. Әзірге жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Бір айдан соң жөнделуі тиіс» деген жауап алдық.

дұрыс болар еді.

Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ