Қызылордалықтарды сергелдеңге түсірген “Ekin patrol g2” ма?
4 516
Қызылорда көшелерінде жүрген жылжымалы «Ekin Patrol G2» патрульдік камералары жүргізушілердің наразылығын тудыруда, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету − өзекті мәселе. Көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес облыс әкімдігінің қолдауымен полиция департаментіне 10 «Ekin Patrol G2» автокешені және 21 жылжымалы аппараттық-бағдарламалық «Vuewo» бейнетіркеу кешені жыл соңында алынған болатын.
Алайда «Vuewo» бейнетіркеу кешендері арнайы желілік бақылау камераларымен жабдықталған, яғни барлық оқиғалар бейнеге түсірілуі арқылы қоғамдық қауіпсіздікті бақылауға мүмкіндік жасалған. Тіпті қажет болған жағдайда полиция қала көшелерінде болған қылмыстарды ашу үшін осы камераларды пайдалануда. Десек те,
халық арасында “Снеговик”, «Тасбақа» атанып кеткен жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтауға арналған “Ekin patrol g2” мен «Vuewo» бейнетіркеу көлігі жергілікті жүргізушілердің наразылығын тудыруда.
Төрт құбыласы түгелімен камерамен жабдықталған «Ekin Patrol G2» 360 градустық көріністі қамтамасыз етіп, кеңірек көру өрісімен ол әрбір нөмірді жеті жолаққа дейін және тіпті тұраққа жақын жерлерде де анықтай алатын озық технологияға ие. Ал, аталмыш камералы көлікті тізгіндеген кезекші жол сақшылары тасада тұрып көлік «аулауды» әдетке айналдырған дейді жүргізушілер.
Сонымен қатар, Іnstagram әлеуметтік желісінде жүргізушілер тарапынан бақылау көліктері жайында жиі шағым білдіру әдетке айналғандай-ақ.
Ал, Қызылорда қалалық Полиция басқармасы тарапынан жолақ шамдарын жағу міндеттелмегендігін алға тартуда.
Айлығы шайлығынан артылмаған қара халық берілген қағидаларға келіспейтіндігін айтып, құзырлы органдар тарапынан бақылау болмаса, тиыннан теңге құрап жүргендерді ашық түрде тонау дейді.
Расында, күнделікті нәпақасын “таксилетіп” тауып жүрген жүргізушілерге бұл кешен кері әсерін тигізуде. Желідегі жазбаға Қызылорда қалалық Полиция басқармасы былай деп жауап қайтарды:
Жаңа Қазақстанды заманауи құрылғылармен толырамыз деп, қара халық кедейліктен шыға алмай қалмасына кім кепіл?
Тоты Айтжанқызы

Көшеде жол белгілеріне емес, патрульдік полиция көліктерінің төбесіне қарап жүретін болдық. Жаңа технологияны енгізген дұрыс. Алайда айыппұл салмас бұрын, құралдарды жүргізушілерге кеңінен таныстыру қажет дейді,- Бақыт Наурызбаев.
Сонымен қатар, Іnstagram әлеуметтік желісінде жүргізушілер тарапынан бақылау көліктері жайында жиі шағым білдіру әдетке айналғандай-ақ.
Құрметті Қызылорда қаласының жол патрульдік полиция қызметкерлері! Сіздер "Ekin Patrol G2" көлігі келгелі халықты қанап жатырсыздар. Тығылып жарқылдатқыш жақпай, жүргізушілерді түсіріп, хаттама толтырып жіберуді қояйық. Қанша адам көлікпен нан тауып жүр. Қалтамызда ақша көп болғасын “такси” болып жүрген жоқпыз. Пәтерақы, тамақ деп ақша табуға шығамыз. Сіздер ақшасы жоқ адамның ашуына тиіп, толтырып жіберіп жатырсыздар. Білемін, заң бәріне ортақ. 40 деген жерден барынша 40 пен жүруге тырысудамыз. Бірақ, таңғы, кешкі уақыттарда бәрі асығыс, 40 пен жүрсең ашуланып, белгі береді. 55-58 дегенге толтыру ұят қой, жүргізушілерді де ойлап қойсаңыздаршы, - деп жүргізуші жазба қалдырған.
Ал, Қызылорда қалалық Полиция басқармасы тарапынан жолақ шамдарын жағу міндеттелмегендігін алға тартуда.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен бекітілген «Жол жүрісі қағидаларының» 6-бөлімі 1-тармағында, көк және қызыл түсті жарқылдауық маягі іске қосылған жедел және арнайы қызметтің көлік құралдарының жүргізушілері кезек күттірмейтін қызметтік тапсырманы орындау кезінде қосып, жол жүрісі қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда Қағидалардың 5, 8-18 бөлімдерінің және Қағидалардың 1, 2-қосымшалардың талаптарын орындамауы мүмкін, сонымен бірге, қозғалысқа басқа қатысушылардың алдында басымдық алуы үшін жедел және арнайы қызметтің көлік құралдарының жүргізушілері көк және қызыл түсті жарқылдауық маяк пен арнаулы дыбыстық сигналды іске қосуы тиіс деп көрсетілген. Нормативтік құқықтық актілермен, патрульдік полиция қызметтік автокөліктерімен патрульдеу кезінде көк және қызыл түсті жарқылдауық маякты міндетті түрде пайдалану реттелмеген,- деп ресми мәлімдеме берген Қызылорда қалалық Полиция басқармасы тарапынан.
Айлығы шайлығынан артылмаған қара халық берілген қағидаларға келіспейтіндігін айтып, құзырлы органдар тарапынан бақылау болмаса, тиыннан теңге құрап жүргендерді ашық түрде тонау дейді.
Расында, күнделікті нәпақасын “таксилетіп” тауып жүрген жүргізушілерге бұл кешен кері әсерін тигізуде. Желідегі жазбаға Қызылорда қалалық Полиция басқармасы былай деп жауап қайтарды:
Ekin Patrol G2" зияткерлік құрылғысы орнатылған қызметтік автокөлік басқарған полиция қызметкерлері бекітілген әкімшілік аймақтарында кезек күттірмейтін қызметтік тапсырманы орындауды қоспағанда көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдауық маягін іске қоспаған жағдайда заң бұзушылық болып табылмайды,- дейді.
Жаңа Қазақстанды заманауи құрылғылармен толырамыз деп, қара халық кедейліктен шыға алмай қалмасына кім кепіл?
Тоты Айтжанқызы
Тағы да оқыңыздар
"Құлап жатыр"
367