Қызылордадағы НИШ оқу ордасын арнайы жасақ күзетуде

451

Қызылорда қаласында С. Бейбарыс көшесі жабылып, НИШ мектебін арнайы жасақ күзеуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен қызметкерлері жаппай мектеп аумағынан шығып кетті. Әуелде «төтенше жағдайға байланысты оқу-жаттығу жиыны өтіп жатқан болар» деп ойладық. Осыған орай, Қызылордадағы ең үлкен көшелердің бірі С.Бейбарыс та уақытша жабылды. Көшенің жабылуын Қызылорда облысының полиция департаменті былайша түсіндірді.


«Бүгін, 24 сәуірде полицияға Қызылорда қаласындағы мектептердің бірінде ғимаратқа жарылғыш құрылғы салынғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел қызметтер барды. Ғимараттан адамдар эвакуацияланып, тексерілді. Тыйым салынған заттар мен жарылғыш құрылғылар табылмады», - деп мәлім етті облыстық полиция департаментінен.


Қызылорда облысының Полиция департаменті қылмыстық құқық бұзушылық саналатын терроризм актісі туралы жалған хабар берудің жауапкершілігі туралы ескертеді. Атап айтқанда, ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.