500 тонна жарылғыш затпен Бектау-Ата шатқалының быт-шытын шығармақ

530
Бектау-Ата ата шатқалына қауіп төніп тұр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Өйткені алматылық «Дәнекер-Жол» ЖШС 2022-2023 жылдары жол құрылысы үшін тау сілемінен 1,5 миллион тонна тас алуға 500 тоннадан астам жарылғыш заттарды қолдануды жоспарлаған. Соның салдарынан ауданы 8 гектардан асатын карьер қалады екен.

Айта кетсек, Бектау-Ата Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 70 шақырым жерде, Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында орналасқан. Ал тасты Бектау-Ата мемлекеттік табиғи зоологиялық қорығына жақын жерде өндіру жоспарланыпты. Бұл оның экожүйелеріне және туристік тартымдылығына орасан зиян келтірмек. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.