1 қыркүйектен бастап Ресей қант экспортына шектеуді алды: Елімізді өнім бағасы төмендей ме?
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 1 қыркүйектен бастап Ресейде қант экспортына шектеулер алынғанын айтты. Қазақстандық кәсіпкерлер 14 мың тонна қант сатып алуға келісім-шартқа отырған. Демек алдағы уақытта елімізде бұл өнімге тапшылық мәселесі шешілмек, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
“ЕАЭО аясында одақтас елдермен келісілген теңгерім көлемі 168 мың тоннаны құрайды. Бұл көлемнің жыл соңына дейін аяқталуы ресейлік жеткізуші компанияларға байланысты. Бүгінгі таңда жеткізушілер арасында қыркүйек айында 14 000 тонна қант жеткізу туралы келісім бар”,- деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Осы айда қазақстандық кәсіпорындар 30 мың тонна қант өндіреді деп күтілуде. Қазір қоймаларда 32 мың тоннадан астамы бар. Азаматтардың тәтті өнімге деген ай сайынғы қажеттілігі 44 мың тоннаны құрағандықтан мамандар тапшылық болмайтынын айтады. Оның үстіне дүкендерде бұрынғыдай толқу жоқ. Бірақ әлеуметтік қант бәрібір қолға бір келімен сатылуда. Оның құны 480 теңге.
- деді сатушы Жанат Қызжібекова.