Қызылордада "Пәтерімізден қуып шықты" деп жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды

283
TikTok-та жалған ақпарат таратқан келіншекті құзырлы органдар жазалады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны TikTok-қа табиғат аясында демалып жатқан адамдардың видеосын жариялап: "Пәтерімізден қуып шықты, жалдау ақысын 500 мыңға көтеріп жіберді, біз қазір каналдың басында тұрып жатырмыз", - дегенді арғы жағынан айтады.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері аттанды. Тексере келгенде, бұл ақпараттың жалған екені белгілі болды.

Шындығында, ол отбасымен бірге өз үйінде тұрып жатыр және оларды ешкім қумаған. Жас келіншек мұны жәй әшейін әзіл деп ақталды. Полиция қызметкерлері хаттама толтырып, жас келіншекке айыппұл салды. Сондай-ақ, онымен профилактикалық әңгіме өткізілді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.