Балабақшада бүлдіршін 2 қабатты кереуеттен құлап түсті

2 538

Фото: mnogodetok73.ruАлматы қаласында орналасқан жеке балабақшалардың бірінде  3 жасар бала ұйықтап жатқан кезінде биіктігі 1,6 метр болатын екі қабатты кереуеттен құлап түсті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Құлағаннан кейін баланың басында ісік пайда болып, әлсіздік пен құсу белгілері байқалған.

Баланың анасы бұл жағдайға байланысты балабақша әкімшілігі кешірім сұрамағанын және медициналық тексерудің ақысын төлеуден бас тартқанын айтты. 

«Біз басқа ата-аналарға үндеу жасап отырмыз. Ашық екі қабатты төсек балалар үшін қауіпті. Мұндай жиһаздарды мектепке дейінгі ұйымдарда қолдануға тыйым салынуы тиіс», – деді баланың анасы.

Алматы қаласының Білім сапасын қамтамасыз ету департаменті бұл жағдай бойынша пікір білдіріп, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатқанын хабарлады. Ведомство балабақшадағы қауіпсіздік талаптарының сақталуына байланысты арнайы тексеріс жүргізілетінін атап өтті. Қазір бала дәрігерлердің бақылауында. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.