Оқушылар арасындағы төбелес салдарынан жасөспірім көз жұмды
Журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында Жамбыл облысы Мерке ауданында жергілікті автомектеп аумағында 10-сынып оқушылары арасында төбелес болғанын, салдарынан бір жасөспірім оқиға орнында көз жұмғанын жазды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
13 мамыр күні Жамбыл облысы Меркі ауданы орталық ауруханасынан Сыпатай батыр ауылындағы үйлердің бірінің жанынан кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
Жасөспірімнің өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды.
Қаз
Рус






